Басы » Акимат » Мәдениет » «Әрқашан күн сөнбесін!» атты сазды кеш өткізілді
«Әрқашан күн сөнбесін!» атты сазды кеш өткізілді
Автор: Акимат
09-08-2017 17:36
«Әрқашан күн сөнбесін!» атты сазды кеш  өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған «Әрқашан күн сөнбесін!» атты сазды кеш өткізілді. 
Шара мақсаты: ерекше балалардың бос уақытын қызықты өткізуді ұйымдастыру, шығармашылықтарын дамыту, басқа балалармен қарым-қатынас жасуға ықпал ету. 
Іс-шараның басында кітапханашы балаларға арналған жаңа әдебиеттер жайлы әңгімелей келе «Балалар әлемі» атты слайд-тұсаукесерін ұсынды. 
Шараның жалғасында балалардың барлығы қосылып караокемен ән шырқап, би биледі. Сонымен бірге Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы вокалдық студия өнерпаздары бірнеше ән тарту етіп,  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 
Кітапханашы шара соңында оқырмандарды  «Әрқашан күн сөнбесін» атты кітап көрмесіне қойылған көркем безендірілген кітаптармен және суретті журналдармен таныстырды. 
 
Қалалық орталық кітапхана