Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Денсаулық фестивалі - 2017
Денсаулық фестивалі - 2017
Автор: Акимат
17-08-2017 14:50
Денсаулық фестивалі - 2017
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілгенҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, ҚР ДСМ«Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы»2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығын тиімді іске асыру шеңберінде ҚР ДСМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен Семей қаласында 2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіннің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық фестивалі - 2017» өткізіледі.
Денсаулық фестивалін өткізудің мақсаты: белсенді өмірсалтын ұстануға бұқарахалықтың, қоғамның назарын аудару.
ДДҰ-ның анықтауы бойынша дене белсенділігі – қуатты шығындауды талап ететін қаңқалық бұлшықетпен жасалатын дененің қандай да бір қозғалысы, оның ішінде жұмыс істеу, ойнау, үй жұмысын орындау, жол жүру және үзілістік жаттығу жасау кезіндегі белсенділік.
Жеткіліксіз дене белсенділігі әлемдегі өлім-жітімнің басты факторларының бірі болып табылады және оның деңгейі барлық елдерде өсіп, ЖЕА ауыртпашылығын арттырып, әлем бойынша жалпы денсаулыққа әсер етуде. Дене белсенділігі жеткіліксіз адамдарда дене белсенділігіне жеткілікті уақыт бөлетіндермен салыстырғанда өлім-жітім қаупі 20%-30%-ға жоғары.       
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жеткіліксіздігі инсульт, қант диабеті және обыр секілді жұқпалы емес аурулардың (ЖЕА) қауіпті факторы болып табылады. Көптеген елдерде адамдардың дене белсенділігімен  айналысуы күннен-күнге азайып барады. Әлемде мектепке баратын ересектердің 23%-ы және жасөсіпірімдердің 81%-ы дене белсенділігінің жеткіліксіздігін көруде.
Жаяу жүру, велосипед тебу немесе спортпен айналысу секілді бірқалыпты қарқында үнемі дене белсенділігімен айналысудың денсаулыққа айтарлықтай артықшылығы бар
Тиісті қарқында үнемі дене белсенділігімен айналысу:
• бұлшықеттің жағдайын, сондай-ақ  жүрек пен тыныс алу жүйесін жақсартады;
• сүйек пен қызметтік денсаулық жағдайын жақсартады;
• гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, қант диабеті, обырдың түрлері (оның ішінде сүт безі мен тоқ ішек обыры) және депрессияның даму қаупін азайтады;
• құлап қалу мен жамбас мойыны мен омыртқаның сынып кету қаупін төмендетеді; және
• қуаттың алмасуы мен қалыпты салмақты сақтаудың негізі.
ДДҰ бойынша дене белсенділігі туралы 10 дерек:
• 1-дерек:Дене белсенділігі ауру қаупін төмендетеді;
• 2-дерек:Үнемі дене белсенділігімен айналысу денсаулықты сақтауға ықпал етеді;
• 3-дерек:Дене белсенділігін спортқа теңемеу қажет;
• 4-дерек: Бірқалыпты, сондай-ақ жоғары қарқынды дене белсенділігі де денсаулыққа пайдалы.
• 5-дерек:5-17 жастағы адамдар үшін күніне 60 минут айналысу қажет;
• 6-дерек: 18-64 жастағы адамдар үшін аптасына150 минутайналысу қажет;
• 7-дерек:65 жастағы және одан үлкен ересектер аптасында кемінде  үш күн айналысу қажет;
• 8-дерек:Барлық дені сау ересектерге дене белсенділігі қажет;
• 9-дерек: Дене белсенділігінің деңгейінің төмен болуы, мүлде болмағанға қарағанда жақсы;
• 10-дерек:Жағымды қоршаған орта мен қоғамдағы жағдай дене белсенділігіне ықпал етеді.
Дене белсенділігіне жүрек-өкпе жүйесін, сүйек-бұлшықет тіндерін, қызметтік жағдайды нығайту және жұқпалы емес аурулар, депрессия қаупі мен когнитивтік қызметтің бұзылуын төмендету мақсатындағы сауықтыру жаттығулары немесе бос уақыттағы жаттығу, белсенділіктің қозғалысты түрлері (мысалы, велосипед немесе жаяу жүру), кәсіби қызмет (егер адам жұмыс істеуін жалғастырса), үй жұмыстары, ойындар, жарыстар, спорттық немесе жоспарлы сабақтар жатады.
Барлық денсаулық сақтау мамандарының міндеті белсенді өмір салтын төмен деңгейден жоғары деңгейге дейін көтеруге ақпараттандыру мен жігерлендіру деңгейін көтеру үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмысын күшейту.
 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру
мәселелерінің орталығы