Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » 2017 жылдың 1-10 қыркүйегі арасында жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша онкүндік өткізу тұжырымдамасы
2017 жылдың 1-10 қыркүйегі арасында жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша онкүндік өткізу тұжырымдамасы
Автор: Акимат
05-09-2017 11:13
2017 жылдың 1-10 қыркүйегі арасында жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша онкүндік өткізу тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілгенҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен Семей қаласысында 2017 жылдың 1-10 қыркүйегі арасында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» ұранымен «Балалардың өмірін сақтайық!» жөнінде жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.
Мақсаты: Халықты, оның ішінде балалар, жасөсіпірімдер, жастарды жол қозғалысы ережесін, әсіресе автокөлікте, велосипедте, мотоциклде және жолдан өткенде сақтау бойынша ақпарат алуды арттыру, жарақаттанудың алдын алу үшін жауапты қауіпсіз мінез-құлықты дағдыландыру.  
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының (ДДҰ) мәліметтері бойынша жол-көлік оқиғасының (ЖКО) нәтижесінде өлім-жітім деректерінің саны (2013 жылы 1,25 миллион) 2007 жылдан бастап өзгеруде. Бұл соңғы жылдары іске асырылып отырған ғаламдық жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бойынша шаралардың адам өмірін сақтауға әкелетінін болжауға мүмкіндік береді. Жолдағы әр төрт минут сайын бірі бала қаза табады. Тағы жүздеген адам жарақат алады, оның көбі – қауіпті жарақат.
Біріккен Ұлттыр Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) қабылдаған 2011-2020 жылдарға арналған жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онжылдық іс-қимылдар жолдағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқа іс-қимылдар үшін негіз болады.
Жол-көлік жарақаты жүректің ишемиялық ауруы мен депрессиялық жағдайдан кейінгі 5-тен 44 жасқа дейінгі жас адамдардың өлім-жітімі бойынша үшінші орынды иеленуде.ЖКО кезінде 50-55% өлім деректері оқиға орнында орын алса, 25% ауруханаға жеткізу кезінде, ал 6%-ы қабылдау бөлімінде болса, 30-40%-ы стационарда орын алады. Негізгі зақымдар – сүйектің сынуы - 30%, көптеген зақымдардың болуы - 30%, мидың жарақаты - 25%.
Барлық апаттардың 50%-ға жуығы 18 жастан жас жасөспірім жүргізушілер жүргізген, түн ортасына дейінгі 4 сағатта немесе түн ортасынан кейін орын алып, күндізгі уақыттағы көлемнен 5-10 есе көп болады. Бауқаусыз алған жарақаттан өлімге апаратын деректерді қосқанда ондаған миллион бала алынған аса қауіпсіз жарақатынан ауруханадан күтімді қажет етеді. Жол-көлік оқиғасы мен биіктен құлау категориялары әлемде 14 жасқа дейінгі балалар  арасындағы аурулардың 15 басты себебіне жатады.
Әлемнің барлық үкіметтері бекіткен баланың құқығы туралы тұжырымдама барлық балалардың өмірде қауіпсіз жағдайға және жарақат пен зорлықтан қорғануға құқы бар екенін білдіреді. Тек бір ғана қауіпсіздік белбеуін қолданумен салыстырғанда қосымша отырғыш көпшігін қолдану 4-7 жастағы балалар үшін ЖКО кезінде қауіпті жарақат алу қауіпін 59%-ға азайтады (ДДҰ,2015 жыл). 
Қазақстан Республикасында «Жол жүрісі туралы» заңның нормаларымен сәйкес баяндалған Үкіметтің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен Жаңа жол жүрісі қағидалары (ЖЖҚ) мен жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың жалпы міндеттері бекітілген.ЖҚЕ «Жолаушыларды тасымалдау» 22-тарауына көлікте балаларды тасымалдауға қатысты қосымша енгізілді. Балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады. Сондай-ақ Жол жүрісі ережесіне өзгертулер енгізілді, оған сәйкес алкоголь ішімдіктерін, есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынады; велосипед пен мопед жүргізушілеріне жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады. Жоғарыда аталған ЖҚЕ-ні сақтау балалардың жарақаттануын төмендетуге кепілдік береді.
ІІМ мәліметтері бойынша (2017 жылдың мамырында)Қазақстан Республикасында тірекелген жеңіл көліктердің саны 3845,3 бірлікті құрап,  2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,0%-ға артқан. Ағымдағы жылдың 4 айында 4 293 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6037 адам зардап шекті. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда апаттылық 14,8%-ға азайған. 
ЖКО-да өлім-жітім бойынша бірінші орынды Алматы облысы иеленуде.634 жол-көлік оқиғасы тіркелгендеқаза болғандардың саны 170 адамды құраған. Салыстырғанда ОҚО 931 ЖКО-сы тіркеліп 106 адам, Алматыда  2147  ЖКО тіркеліп, 67 адам қаза тапқан.Өкінішке орай, ЖКО 5-тен 18 жасқа дейінгі тұлғалардың өлім-жітімінің жетекші себебі болып табылады. 
Қазақстанда 2014 жылмен салыстырғанда ЖКО-дан зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмағандардың санының 1,5% (1 519/1 542) өсуі байқалады. Сонымен, 17 жасқа дейінгі ЖКО-дан зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың 862-сі (56%) –жаяу жүргінші болса, 605-і (39, 2%)-жолаушы, тек 52-сі (3,4%)–велосипедші, 22-сі (1,4%) - жүргізуші.Сонымен, ай сайын 5 кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргінші қаза тапса, орта есеппен 167-сі зардап шегеді. 
ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жарақаттанудың алдын алу бойынша онжылдық іс-қимылды іске асыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының шеңберінде жол полициясы қызметкерлері жол жүрісіне қатысушылардың жұмысын іске асырады.
2016 жылдан бастап республикада жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізілуде. Сонымен, оқиға орнына травматологиялық көмекті жақындату, жедел көмек көлігінің келу уақытын шектеу және медицина ұйымына зардап шеккен адамды жеткізу мақсатында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты (ТОҒЗИ) облыстардың Денсаулық сақтау басқармаларымен бірге (ДСБ) орталық аудандық аурухана негізінде ауданаралық травматологиялық бөлімдер (бұдан әрі – АТБ) ашу бойынша жұмыстарды белсендіріп, 40 медициналық-құтқару орындарын ұйымдастырды.
Республикада жол-көлік жарақатының, оның ішінде балалар, жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарақаттың алдын алу үшін жолдың сапасын жақсарту, жол жүрісі ережелерін сақтау, ішімдіктен бас тарту, уақытында жарақат алған адамды жеткізу, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа шаралар арқылы қоғамдағы барлық мүдделі тараптарды жұмылдыру қажет.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелері орталығы