Басы » Акимат » Қоғам » «Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел
Автор: Акимат
05-09-2017 15:26
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында  дөңгелек үстел

2017 жылғы 23 тамызда  «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ ғимаратында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізіліп, оған Семей қаласы әкімінің аппараты, Семей қ. прокуратурасы, ҚЗТҚО өкілдері, ауылдық округтер әкімдіктерінің мамандары қатысты.  Талқылаудың басты мән-мазмұны мен барлық баяндамалардың ой-өзегі ретінде мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да барлық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы арқау болды. Елбасымыздың соңғы бағдарламалық құжаттарында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселесіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жүйесін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықтың барлық оның түрлеріндегі көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайларына  ерекше мән берілді. Бүгінде ең алдымен құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу маңыздылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша аса нақты және үйлестірілген жұмыс жүйесін құру қажеттігіне уақыт келіп жеткендігі жайлы айтылды.Мемлекеттік қызметтің, құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының құқық бұзушылықтарды алдын алудағы ерекше рөлі баса айтылды. Аталмыш дөңгелек үстелде Семей қаласы прокуратурасының қызметкері Әділет Жанарбекұлы Тортаев, әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Әсет Серікұлы Тұмарбаев, ҚЗТҚО директоры Гүлнара Төлеуқызы Қасымова сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманы түсіндіре отырып, сөз сөйледі.  

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі