Басы » Акимат » Мәдениет » Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ: ашық есік күні
Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ: ашық есік күні
Автор: Акимат
06-09-2017 17:34
Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ:  ашық  есік күні
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала¬сында Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керектігі баса айтылған. Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына  елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру.
Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Сондықтан да кітапхана рухани жаңғырудың орталығы болу керек. 2017 жылы 6 қыркүйек күні  Абай атындағы әмбебап  кітапханада  қаламыздың ЖОО мен колледждерінің 1 курс студенттері үшін «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» атты  ашық  есік күні  өткізілді.
Студенттерге жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерді, қайраттылық пен жігерлілікті  қажет ететін оқу жылы басталды. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алынатын күн.
Ашық  есік күні шеңберінде студенттерге экскурсия ұйымдастырылып, кітапхананың құрылымы, қордың орналасу тәртібі, анықтама аппараты, мерзімді басылымдар қоры, электронды ресурстар мен мүмкіндіктері туралы айтылып, кітапханалық іс-шаралармен таныстырылады. Соңында арнайы дайындалған «Бірінші курс студенттері, Сіздер үшін» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, буклеттер мен шорт парақтар таратылды.  Шараға Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина, технология колледждерінен 150-ден астам студенттер қатысты. Ашық есік күні қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
 
Абай атындағы кітапхана