Басы » Акимат » Хабарландыру » 2017 жылғы 8 тамызда таңертеңгі сағат 9-дан 10-ға дейін дабылдамаларды қосу арқылы құлақтандыру жүйесіне тексерулер жүргізіледі
2017 жылғы 8 тамызда таңертеңгі сағат 9-дан 10-ға дейін дабылдамаларды қосу арқылы құлақтандыру жүйесіне тексерулер жүргізіледі
Автор: Акимат
08-09-2017 15:19
«Баршаның назарына!» сигналы бойынша не істеу қажет
 
Егер Сіз «Баршаның назарына!» сигналын естісеңіз, тез арада радио хабар тарату қабылдағышын немесе  теледидарды кезкелген жергілікті арнаға қосыңыз. 
Дыбыстық сигнал аяқталғанын кейін телевидение арналары және радио бойынша қалыптасқан ахуал туралы және тұрғындардың іс-қимылдар тәртібі туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ ақпаратты ШҚО ТЖД сайтынан  - http://www.vkogps.kz/ немесе «ШҚО ТЖД ескертеді» қосымшасының «Баршаның назарына» бөлімінен көруге болады. 
Дабылдамалар дыбысы – бұл «Баршаның назарына» сигналы екенін білу қажет. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, сигнал беру себебін түсіндіргенін күту керек. 
Ақпаратты толық тыңдап, түсінгеннен соң барлық кеңестерді орындау қажет. 
Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге  «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу ақпаратын  дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер  арқылы немесе телефон бойынша таратылады. 
Ақпарат мәтіні облыста, қалада, ауданда, елдімекендерде қауіпі туындаған немесе қалыптасқан экстремалды жағдайға сәйкестендірілетін болады.  
Көршілеріңізге  естімеген болар, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қанқу сөздің болдырмауын қадағалаңыз!
«Баршаның назарына!» сигналы кезінде тұрғындардың іс-қимылдары мен электросирендердің жұмыстарына ай сайын тексеру жүргізілетін болады. 
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ