Басы » Акимат » Мәдениет » «Отан-отбасынан басталады» атты іс-шара
«Отан-отбасынан басталады» атты іс-шара
Автор: Акимат
11-09-2017 09:59
«Отан-отбасынан басталады» атты іс-шара
2017 жылдың 8 қыркүйек  күні  кітапханада «Отан-отбасынан басталады» атты іс-шара өткіздік. Елбасымыз айтқандай Отбасы - кішкентай мемлекет деген. Ендеше, Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Кітап-біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Отбасындағы балаға кішкентай кезден кітап оқуға көңіл бөлу - болашақта оның тәрбиелі де, білімді, еліміздің мақтанышы болып өсуінің кепілі. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Біздің кітапханамыздада отбасымен кітап алып оқитын оқырмандарымыз жетерлік. Солардың ішінде айта кетсек біздің тұрақты, әрі белсенді оқырмандарымыз: Иван және Светлана Орловтар, Дүйсенғазы және Гүлзираш Нығметжановтар, Гуля и Бейсен Искаковтар, Медведев Николай Акимовичтар мен немересі Павел, Степанов Александр және ұлы  Сергей т.б. Оқырмандарымызға арналған  қызықты, әрі әр түрлі сұрақтарымызды қоюмен қатар, түрлі отбасы туралы жұмбақтар койып және   мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Сонымен қатар, Отбасына байланысты және осы уақытқа дейін оқыған кітаптары жайлы сұрадық. Әр қайсысы біздің қойған сауалдарымызға белсене жауап берді.  Оқырмандарымыз өздерінің оқыған кітаптарынан, қызықты жерлерін айтып әңгімелеп берді. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін  қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелейік. Іс-шараға 21 адам қатысты. 
 
Зағиптар мен көздері нашар көретін
азаматтар үшін арнайы Семей  кітапханасы