Басы » Акимат » Мәдениет » «Тіл – ұлт рухының алтын қазығы» атты білім сайысы өтті
«Тіл – ұлт рухының алтын қазығы» атты білім сайысы өтті
Автор: Акимат
14-09-2017 10:44
«Тіл – ұлт рухының алтын қазығы» атты білім сайысы өтті
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Қазақстан халықтарының тілдері қүні мерекесіне орай «Тілдер шеруі» айлығы аясында «Тіл – ұлт рухының алтын қазығы» атты білім сайысы өтті. Іс шараға «Көлік» және Радиотехника және байланыс колледжінің топтары, сондай-ақ, мемлекеттік медицина университетінің студенттері қатысты. 
Сонымен қатар, шара қонақтары ретінде Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы бастығының орынбасары, подполковник Д.М.Шаянбаев, майор Р.Е. Жанатаева, «Ағылшын тілін үйрену» курсының қатысушылары Г.Т. Кожаханова, Б.С. Қасымбекова шақырылды.
Кітапхана қызметкері Елбасымыз Н. Назарбаевтың  жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» аталып өтілетіні туралы ақпарат беріп, шараны ҚР Мемлекеттік Әнұранмен ашты.
Шараның жалғасында жүргізуші  «Танысу», «Шығармашылық сайыс» және «Біздің тапсырма» атты 3 бөлімнен тұратын сайыс шарттарымен таныстырды. Сайыс барысында әр топ шешендік сөздер мен тілге қатысты мақал-мәтелдер бойынша  білімдерін көрсетті.
Радиотехника және байланыс колледжінің 2-курс студенті Тырышкина Наталья қазақ тілін бірнеше жылдан бері үйреніп жүргені, тілді жетік меңгергісі келетіні туралы өз ой-пікірімен бөлісті. Ал, Семей мемлекеттік медициналық университетінің шет тілдері факультетінің студенттері қатысушыларға мерекелік ән - шашуларымен көтеріңкі көңіл -күй сыйлады. Сайыс соңында бесенділік танытқан топтар сыйлықтармен марапатталды.
Шара «Тіл – ұлт рухының алтын қазығы» атты кітап көрмесіне жасалған библиографиялық шолумен аяқталды.
 
Қалалық орталық кітапхана