Басы » Акимат » Әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамту » Жалғыз басты қарттарға азық-түлік таратылды
Жалғыз басты қарттарға азық-түлік таратылды
Автор: Акимат
14-09-2017 09:00
Жалғыз басты қарттарға азық-түлік таратылды
Бүгінде, жалғыз басты қарттарға қамқорлықты жүзеге асыратын мекемелердің бірі Семей қаласындағы «Исток» Қоғамдық бірлестігі». Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері Знаменка ауылдық округінде игі іс атқарды. Округте, ауылдық округ әкімдігінің нұсқауымен Семей қаласындағы «Исток» Қоғамдық бірлестігі өздерінің қарамағындағы қарттарға келе жатқан қарттар күнінің құрметіне орай әлеуметтік аз қамтылған топтар, жалғызбасты қарттар мен жалғызбасты аналар, мүгедек жандар, зағиптар барлығы 10 отбасына әрқайсысында ұн, күріш, макарон, ас майы өнімдері бар бір пакет толы азық-түлікті үй-үйлерге жеткізіп таратып берді. Жылы сөз, жұмсақ алақанға зәру болған мұқтаж жандар, әсіресе қарттар мен кейуаналар қуаныштан көздеріне жас алып, алғыс-баталарын берді.
 
Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты