Басы » Акимат » Мәдениет » Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалі
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалі
Автор: Акимат
14-09-2017 15:02
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалі
2017 жылғы 10 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалі болып өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚХА хатшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің, этномәдени бірлестіктер және елорда жастарының  өкілдері қатысты.
Акцияның мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін сақтаужәне еліміздің мәдени әралуандығының ерекшеліктерін ашып көрсету.
Фестиваль аясында этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар мен кәсіби шығармашыл ұжымдарының театрлық, вокалдық-хореографиялық көріністер мен би композицияларын қамтитын театрлық-көркемөнер қойылымдары көрсетілді.
Қойылымдарда көпэтносты Қазақстан халқының өзіндік мәдениеті және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, өзегі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылатын жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің бірегейлігі көрініс тапты.
Шығыс Қазақстан облысы Татарстан Республикасының өнерінің еңбек сіңірген қайраткерінің Камилия Исмаилова басшылығымен Шығыс- Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы ұсынылды. Шығыс  Қазақстан туралы әнді Камилия Исмаилова жазды. Әсіресе, осы номер үшін дарынды орындаушы Камила Туканова шақырылды. Ол хореографиялық тобымен «Әлем балалары» этнографиялық композицияны орындады. Нөмірі Шығыс Қазақстан туралы қысқаша бейнебаянмен толықтырылып ұсынылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының фестивалі еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды.
 
Шығыс - Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы