Басы » Акимат » Хабарландыру » ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, кәсіпкерлік бөлімі жаңа инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады
ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, кәсіпкерлік бөлімі жаңа инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады
Автор: Акимат
04-10-2017 14:52
Кәсіпкерлер назарына!
 
ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында (ИИДМБ), Кәсіпкерлік бөлімі кейіннен индустриалық – инновациялық дамыту  бойынша Үйлестіру кеңесінде қарау және 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына (Кәсіпкерлікті қолдау картасы) енгізу үшін жаңа инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады. 
Жобаларды іріктеу 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бекітілген «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысына сәйкес жүргізіледі. 
Осы Ереже Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер жүйесінің ақпараттық-құқықтық сайтында орналастырылған: adilet.zan.kz.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер, кәсіпкерлік бөлімі Қайым Мухамедханов көшесі, 8  № 318 кабинет немесе мына телефон арқылы: 52-27-22, 52-31-17 хабарласуға болады. 
 
Кәсіпкерлік бөлімі