Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
Автор: Акимат
10-10-2017 10:17
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
«Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен 10 қазанда Психикалық денсаулық күнін өткізіледі.  
Мақсаты мен міндеті: психикалық денсаулықты сақтау мен нығайту, оның ішінде суицидтің алдын алу, өзекті мәселе ретінде ПБЗ тұтынудың алдын алу мәселелеріне жұрттың назарын аудару; жасөспірімдер мен жастарға білім беру жүйесінде ғана емес, бірінші кезекте отбасында және бүкіл қоғамда өз денсаулықтарына қатысты жауапты, қауіпсіз мінез-құлықтарды, сонымен қатар психикалық денсаулықты сақтауға өмірлік дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін жағымды психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға көмектесу.
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша психикалық бұзылыстардың ауыртпалығы өсуін және әлем бойынша денсаулық сақтау жүйесіне елеулі әсер етуін жалғастырып, әлеуметтік сала, адам құқығы мен экономика үшін салдары қауіпті болады.
Адамдар ішімдік пен психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну, зорлық пен суицидтік мінез-құлықпен байланысты депрессиялық қорқынышты жағдай деректерінің өсуіне алып келетін күйзеліс факторларының зиянды әсеріне шалдығады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2016 жылғы ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес алғаш рет анықталған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен аурушаңдылық диагнозы елде 100 000 тұрғынға шаққанда 60,8-ді құрап, аса көп көрсеткіш Қарағанды облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 103,6), Оңтүстік Қазақстан облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 91,1), Қостанай облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 88,1) және Астана қаласында (100 000 тұрғынға шаққанда 63,5) құраған. Динамикалық бақылаудағы  психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен ауыратын науқастар контингенті 2016 жылы ел бойынша  100 000 тұрғынға шаққанда 1092,1-ті құрап, аса көп көрсеткіш  Қарағанды облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 1910,4), Қостанай облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 1859,5) және Шығыс Қазақстан облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 1421,4) анықталған.
Көп жағдайда психикасы бұзылған адамдардың тән саулығының көрсеткіштері өте төмен, көбінесе темекі шегу, жеткіліксіз дене белсенділігі, дұрыс тамақтанбау мен ішімдікті тұтыну секілді мінез-құлықтық қауіпті факторлары кездеседі. Соған байланысты психикалық денсаулыққа оң әсер ететін және оны өмір бойын күшейтуге мүмкіндік беретін салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір салтын өзгерту аспектісі психикалық денсаулығында мәселелері бар адамдарды ағарту мен емдеу бағдарламаларына кіргізілуі қажет.
Қазір елдердің үкіметтері барлық азаматтардың психикасының сау болуларына үлкен мән береді. Бұл – адамдарға өз өмірлерін тлыққанды және маңызды есептеулерін және қоғамның белсенді және жасампаз мүшесі болуларына мүмкіндік беретін жоғарғы өмір сапасының маңызды құрамы. Қоғамның психикалық саулығы психикалық саулықты қамтамасыз ететін өмір салтын қабылдауға ықпал етеді. Психикалық денсаулықты нығайту шаралары барлық халыққа, оның ішінде психикалық мәселелері бар адамдар мен оларға күтім жасайтын тұлғаларға бағытталуы қажет. Психикалық денсаулықты нығайтатын тиімді жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыру толықтай қоғамның психикалық саулығының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелерінің орталығы