Басы » Акимат » Хабарландыру » «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 2017 жылғы 26 қазанда сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді
«ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 2017 жылғы 26 қазанда сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді
Автор: Акимат
10-10-2017 10:29
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 2017 жылғы 26 қазанда сағат 10-00-де Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8, әкімдік ғимаратының оң жақ қанаты, кіші зал, мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді.
Аукционға шығарылады:
 
• Жекеменшік құқығына жер телімдері:
 
1)Сеченов көшесі, 6 А мекенжайындағы өндірістік базаны салу және қызмет көрсету үшін алаңы 0,3948 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 5 013 486 теңге, кепілдік жарна сомасы 250 674 теңге, жер салығының мөлшері 44 139 теңге;
2)Морозов көшесі, Восточный кенті ауданы мекенжайында автожанармай құю стансасын салу және қызмет көрсету үшін  алаңы 0,0976 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 1 204 325 теңге, кепілдік жарна сомасы 113 450 теңге, жер салығының мөлшері 10 863 теңге;
3)Абай көшесі (бұрынғы ДСК) мекенжайында жер асты паркингісімен мәдени-ойын-сауық сауда кешенін салу және қызмет көрсету және су бұрқақ құрылысымен қоса аумақты жайластыру үшін алаңы 1,7556 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - жер учаскесінің меншік иесі бір жарым жыл ішінде жер учаскесін сатып алған сәттен бастап тірек қазықтарын бөлшектеуді және аумақты құрылыс қоқыстарынан тазарту жүргізуі қажет. Кешен құрылысын бастап, берілген нысаналы мақсаты бойынша аумақты игеру аяқталсын. 100-ден кем емес машина орнына жерасты паркингісі және іргелес аумақта 250-ден кем емес машинаға біржолғы тұрақпен қамтамасыз етілсін. Жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысы аяқталғанға дейін жер учаскесін сатуға және қайта сатуға тыйым салынған, бастапқы бағасы 42 064 176 теңге, кепілдік жарна сомасы 2 103 209 теңге, жер салығының мөлшері 215 939 теңге;
4)Шөже Қаржаубайұлы көшесі, 244 А мекенжайындағы асхана және дүкенді салуға және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0300 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 380 964 теңге, кепілдік жарна сомасы 113 450 теңге, жер салығының мөлшері 3 353 теңге;
5)Ғалиасқар Тұқтабаев көшесі, 34/1 мекенжайы бойынша ғимаратты салуға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0300 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 416 904 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жер салығының мөлшері 3 150 теңге;
6)Мұхтар Әуезов даңғылы, 42/3 мекенжайы бойынша ғимаратты салуға және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0403 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - жер учаскесінде өз бетімен салынған құрылыс орналасқан, жер учаскесінің меншік иесі өз бетімен салынған құрылысты бұзып, өз бетімен салынған құрылысты жүзеге асырған тұлғаға табыстау үшін құрылыс материалдарының сақталуын қамтамасыз етсін, бастапқы бағасы 946 276 теңге, кепілдік жарна сомасы 113 450 теңге, жер салығының мөлшері 4 937 теңге;
7)Ғалиасқар Тұқтабаев көшесі, 49/1 мекенжайы бойынша кафені салуға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,03 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 
416 904 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жер салығының мөлшері 3 150 теңге;
• Жер учаскесін 5 жыл мерзімге жалдау құқығы:
8)Терешкова көшесі, 6 Е мекенжайындағы жылжымайтын мүлік объектілерін салуға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,3 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 370 182 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 40 068 теңге;
9)Терешкова көшесі, 6 Н мекенжайындағы өндірістік базаны салуға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,5641 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 696 066 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 75 341 теңге;
10)Терешкова көшесі, 6 М мекенжайындағы өндірістік базаны салуға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,4872 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - инженерлік коммуникацияларды пайдалану және жөндеу үшін қауымдық сервитут, бастапқы бағасы 601 176 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 65 070 теңге;
11)Терешкова көшесі, 6 К мекенжайындағы өндірістік базаны салуға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,7020 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - инженерлік коммуникацияларды пайдалану және жөндеу үшін қауымдық сервитут, бастапқы бағасы 866 226 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 93 759 теңге;
12)Северный промузел көшесі, 20 А мекенжайы бойынша сауда кешенін салуға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 1,0 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 1 269 880 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 134 160 теңге;
13)Б. Момышұлы көшесі, Шәйжүнісов көшесінің бұрышы мекенжайындағы жарнама құрылымын орналастыруға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0001 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 240 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 15 теңге;
14)Абай көшесі, Б. Момышұлы көшесінің бұрышы мекенжайындағы жарнама құрылымын орналастыруға және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0001 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 240 теңге, кепілдік жарна соммасы 113 450 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 15 теңге;
Сауда-саттыққа қатысу үшін төленетін кепілдік жарна сомасы барлық объект бойынша объектінің бастапқы бағасының 5 %, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерінде құрайды. Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық нысаны бойынша бөлек енгізіледі.
Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі бойынша аукцион өткізудің шарттары. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы баға мен бағалардың ұлғаю қадамын хабарлауынан басталады. Сауда-саттыққа қатысушылар аукционға қатысуға табысталған аукциондық нөмірді көтеруі арқылы бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Объект бойынша сауда-саттық ең жоғарғы баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаз бен екінші сатып алушы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату шарттары. Жер телімдерін нысаналы мақсатына сәйкес және берілген шекаралар шегінде пайдалану; жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған жағдайда жер қатынастары бөлімімен жалдау шартын жасасу; қажет болған жағдайда сервитутқа рұқсат беру; жер салығын, жалдау төлемін уақытында төлеу; нысанды жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу; түрлі-түсті нұсқада эскиздік үлгілер жобасын жасату (фасадтың фотомонтаждалған және жалпы келбеттің түрлі жағдайы, жанасқан аумақтың көркейтілген бас жоспары, қысқаша түсіндірме жазба); Эскиз жобасын қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісу (қажетті жағдайда қала құрылыс кеңесінде қарау); фасадты өңдеу және аумақты көркейту  жұмыстарын бекітілген жоба бойынша орындау; жобалық-сметалық құжаттарды тек лизенциясы бар ұйымдармен ары қарай авторлық қадағалау жүргізу арқылы әзірлеу (құрылыс аяқталғанға дейін тұрақты түрде); жобалық-сметалық құжаттарды сараптамадан өткізу; уақытша құрылыс және/немесе имарат (сауда шатырлары, павильондар, киосктер және басқалары) сәулет-эстетикалық түрде болулары қажет, ол үшін жалға алушы уақытша құрылыстың және/немесе имараттың (сауда шатырлары, павильондар, киосктер және басқалары) эскизінің дизайнін оны орнатпас бұрын сәулет және қала құрылысы органдарымен келісуге міндетті; жер учаскесінің нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасын белгiлеу; қауіпсіздік мақсатында басқа тұлғалардың құқығын шектемей және ортақ пайдалануға зиянын келтірмей құрылыс алаңын қоршау; аумақтың санитарлық жағдайы мен техника қауіпсіздігін сақтау (құрылыс жүргізу кезінде жұмыс істеу кестесі, меншік иесі және құрылыс ұйымы туралы мәліметтер, байланыс телефондары және т. б. көрсетілген объектінің төлқұжатын орнату); қала кадастры базасына енгізу үшін құрылыс аяқталғаннан кейін жанасқан аумақпен қоса объектінің көлденең түсірілімін орындау және объектіні пайдалануға қабылдау үшін тапсыру; құрылысқа арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл iшiнде (егер жобалық-сметалық құжаттарда неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi мақсатында пайдаланылмаса, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жатады.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін келесі құжаттардың тізімін ұсыну қажет:
1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім; 
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түп нұсқалары ұсынылады.
Электрондық өтініш берілген жағдайда, жоғарыда тізбеленген құжаттар құжаттың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Өтінімі тіркелген тұлға аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге алмастырылатын қатысушы билетін алады. Сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.
Төлем шарттары. Аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданатын жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданғаннан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жасалады. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде аукцион барысында белгiленген бағаның 50% мөлшерiнде енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиiстi аванстық төлем есебiне алынады;
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiлуге тиiс.
Кепілдік жарналар қатысушының деректемелері көрсетіліп, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде:
1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартқан жағдайды;
2) - аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан; 
- аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудан;
- сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайларынан басқа кезде қайтарылады.
Кепілдік жарна «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына ИИК KZ970705034631515006, Семей қаласының қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, БИН 060240002668 (қаржыландыру көзі 5, бюджет түрі 03), КБЕ 17, КНП 171 төленеді.
 
Аукционға қатысуға арналған өтінімді қабылдау және аукционға қатысушыларды тiркеу Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8, 428, 241, 242 бөлмелерінде жүргізіледі. Анықтама үшін телефондар: 52-23-33, 52-46-07.