Басы » Акимат » Мәдениет » «Патриоттық тәрбие - Отаншылдық кепілі» атты ақпарат сағаты өткізілді
«Патриоттық тәрбие - Отаншылдық кепілі» атты ақпарат сағаты өткізілді
Автор: Акимат
12-10-2017 09:29
«Патриоттық тәрбие - Отаншылдық кепілі» атты  ақпарат сағаты өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Патриоттық тәрбие - Отаншылдық кепілі» атты  ақпарат сағаты өткізілді. 
Шараға Қазақ гуманитарлық-инновациялық заң университетінің әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі А.В.Коновалов, қарулы күштер ардагері, отставкадағы полковник Р.Т.Махудаев және  №36803 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.  
Шара барысында кітапхана қызметкері патриоттық тәрбие беру шеңберінде азаматтық-патриоттық тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие беру секілді бағыттарға тоқтала отырып, Отанның өркендеуіне үлес қосу, алдан шыққан қиындықтарды бөлісу, ел басына күн туған шақта өз Отанын қорғау әр Қазақстан азаматтарының борышы екендігін  атап өтті. Қазіргі кезде еліміздің егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы туралы жеткізе отырып, кітапхана қабырғасында патриоттық тақырыбында өткізілген әрбір шара  өскелең ұрпақтың  бойына нық азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы қалыптастыруға септігін тигізетінін де жеткізді. 
Шара қонағы А.В.Коновалов  сөз кезегінде,  кез-келген адамның туған жеріне бауыр басуы,  өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігі,  ата-бабалары мен ел тарихына құрметпен қарап, елің үшін еңбек етудің  барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымға сиятынын айтып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі адамның асыл белгісі деп қорытындылады.
Келесі сөз кезегінде Р.Т Махудаев ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңыздылығын атап өтті. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақталу,  достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген, ол себепті жас ерекшелікке қарамастан кітап оқу керектігін жетізді. 
Шараның соңында  «Мен Қазақстан патриотымын!»  атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
Қалалық орталық кітапхана