Басы » Акимат » Мәдениет » «Жан жылуы - өмір шуағы» атты қайырымдылық кеш өткізілді
«Жан жылуы - өмір шуағы» атты қайырымдылық кеш өткізілді
Автор: Акимат
12-10-2017 14:32
«Жан жылуы - өмір шуағы» атты қайырымдылық кеш өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қайырымдылық айлығы» аясында «Жан жылуы - өмір шуағы» атты қайырымдылық кеш өткізілді. Шараға №8 балалар  үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі  шектеулі жандар, Семей өңірі гарнизоны әскери полиция жасағының  қызметкерлер құрамы,  Орталық мәдени және демалыс саябығының өнерпаздары қатысты.
Шара барысында  кітапхана қызметкері ізгілікке, жақсылыққа бағыттайтын адам бойындағы асыл  қасиеттер қайырымдылық, мейірімділік екендігін  жеткізе отырып, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы екенін айтып өтті. Шараны жалғастырған Семей өңірі гарнизоны әскери полиция жасағының майоры   Жанатаева Рашида адамгершілік тәрбиенің, адам бойында жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты  екендігін әнгімелеп, «әр адам  өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүріп, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болуды басты  парызы деп білуі керек» деген сөздерімен қорытындылап, №8 балалар  үйінің тәрбиеленушілеріне қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарды, мүмкіндігі шектеулі балаларға қол үйірмесіне қажетті кеңсе заттарын  табыс етті.  
Кеште барша қатысушыларға мерекелік көніл-күй сыйлап, ән мен күйден шәшу шашқан өнерпаздар шараның шырайын енгізсе, Бериков Айдос сиқырдың сырын көрсетіп көпшілікті таңқалдырды. Соңында «Барс» дүкенінің иесі Қадырова Айнур демеушілік көрсетіп тарту еткен және кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған тәттілермен мерекелік дастархан жайылды. 
 
Қалалық орталық кітапхана