Басы » Акимат » Актуально » Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Автор: Акимат
17-10-2016 17:04
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы

2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдері көлемі қолданыстағы бағада 154 174,4 млн. теңгені құрады (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 127 044,5 млн.теңге). Нақты көлем индексі – 101,5%. Тау кен өнеркәсібінде өнім көлемі 19 855,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 119,5% (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 16 621,1 млн.теңге), нақты көлем индексі – 93,6%. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 115 010,0 млн.теңге көлемінде өнім өндірілді (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 93 301,6 млн.теңге), нақты көлем индексі – 102,5%. Аграрлы секторда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 26 769,4 млн. теңгені құрады немесе өткен жылғы сәйкес деңгейге 103,9% (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 25 755,0 млн.теңге). НКИ – 103,7%.Ет өндірісі 17,8%-ға (25 003,1 тоннаға қарсы 29 442,6 тонна), сүт өндірісі – 1,0%-ға (34 453,6 тоннаға қарсы 34 805,8 тонна), жұмыртқа саны – 1,6%-ға (2 866,8 мың данаға қарсы 2 931,9 мың дана шығарылды) артты.Ірі қара мал басы 7,3%-ға (47 580 басқа қарсы 51 055 бас), жылқы – 10,2%-ға (26 605 басқа қарсы 29 306 бас), құс басы 10,3%-ға артты (1 159,5 мың басқа қарсы 1 278,4 мың бас), қой мен ешкі басы – 17,0%-ға (119 400 басқа қарсы 99 105 бас), шошқа басы 10,1%-ға (892 басқа қарсы 802 бас) төмендеді. 2017 жылдың 1 қаңтары жағдайына шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары саны 1 196 бірлікті құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 105,1% (1 138 бірлік). Бөлшек тауарайналымының көлемі 174 713,2 млн.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 126,2% (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 138 455,3 млн.теңге) құрады, НКИ – 105,2%. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанда қалаға 47 264,1 млн. теңгеге қарама қарсы  44 936,1 млн.теңге инвестиция тартылды (НКИ – 90,2%). Құрылыс жұмыстарының көлемі 22 567,0 млн.теңге, бұл өткен жылдан 4,0%-ға төмен (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 23 502,5 млн.теңге). НКИ – 91,0%-ды құрады.  82 960,0 ш. м. тұрғын үй енгізілді (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 80 394 ш.м.). Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті өткен жылдың осындай мерзіміндегі 13 488,1 млн.теңге қарсы 14 841,2 млн. теңгені құрады (өсу қарқыны 110,0%). 2017 жылғы 1 қаңтар жағдайына тіркелген жұмыссыздар саны 580 адамды құрады (2015 жылғы 1 қаңтарға – 580 адам). 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 104 209 теңгені құрап, 2015 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 11,2%-ға артты (92 611 теңге). 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі