Басы » Акимат » Актуально » Қала тарихы
Қала тарихы
Автор: Акимат
18-01-2016 12:59
Қала тарихы

Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». 

Семипалат бекінісі Ресей мен Ќазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында  1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды.   Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. ХХ ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың  басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М.Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г.Потаниндермен кездесті.Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н.Долгополов, С.Гросс, П.Лобановский, А.Леонтьев, Н.Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияќты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы  қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ  жұмысты  өз бетімен дербес атқарды.  Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н.Белослюдов және А.Н.Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н.Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д.Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды.Семейде Г.Н.Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын  «Сары-арқа» өнқағазы шыға бастады.    «Сары-арќа» өнқағазының редакторлары Р.Марсеков пен К.Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М.Молдыбаевтың, Ж.Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік  болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды.  Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды.  Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар  «Ес-Аймақ» театрлық   труппа  құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзаќов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес  республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.

Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында

1941 жылы облыс аумағында 238 және 8 атқыштар дивизиясы құрылды.  Ерлік істері үшін 238-ші атқыштар дивизиясы 1942 жылдың 3 мамырында СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Жауынгерлік Қызыл ту орденімен марапатталды, ал 24 мамырда Халық Қомиссарының бұйрығымен 30-шы гвардиялық болып жасақталды. 1944 жылдың 3 қарашасында 30-шы гвардиялық дивизия «Рижск» құрметті атағы берілді. 1946 жылдың 6 мамырында дивизия таратылды. Өкіметтік марапаттарға дивизияның 13 мыңнан астам жауынгерлері ерліктері үшін ие болды.
Дивизия командирлері: полковник Коротков Геннадий Петрович (14 наурыз 1941 ж. – 10 мамыр 1942 ж.); полковник (27 қазан 1942ж. генерал-майор) Кулешов  Андрей Данилович (16 мамыр 1942 ж. – 17 қаңтар 1944ж.);  полковник (3 маусым 1944 ж. – генерал-майор) Исаев Михаил Александрович (18 қаңтар – 5 қараша 1944ж., 17 ақпан– 9  мамыр 1945ж.); полковник Фадейкин Иван Анисимович (6 қараша 1944ж. – 16 ақпан 1945жж.).  
8-ші атқыштар дивизиясының жолы да даңқты болды. 1941 жылдың желтоқсанынан 1942 жылдың наурызына дейін Семей және Аягөз қалаларында жасақталды. Воронеж түбінен басталған жауынгерлік жол Курскі шайқасына ұласты. 1944 жылдың 5 наурызында дивизияға «Ямпольск» құрметті атағы берілді.
Дивизия командирлері: полковник Зверев Григорий Александрович (25 желтоқсан 1941ж. – 1 ақпан 1942 ж); подполковник (1 қазан 1942 ж. генерал-майор) Иванов Иван Иванович (2 ақпан 1942 ж. – 2 маусым 1943ж); подполковник Гудзь Порфирий Мартынович (15 маусым – 26 қазан1943ж); генерал-майор Иванов Николай Иванович (27 қазан  – 12 желтоқсан 1943ж); генерал – майор Смирнов Андрей Семенович (13 желтоқсан 1943ж. – 26 қыркүйек 1944ж); полковник Угрюмов Николай Степанович (27  қыркүйек 1944 ж. – 9 мамыр 1945ж).     

56 семейліктерге Кеңес Одағының Батыры жоғарғы атақтар берілді (М.Әбеулов, В.В.Буторин, З.Белібаев, В.А.Засядко, М.К.Меркулов, Н.Н.Силин т.б.). 13 адам 3-ші дєрежелі Даңқ орденінің иегерлері болды (Ф.Әділбаев, М.Әубєкіров, П.П. Борков, М.Ф.Кружелев, Ф.Е. Маслин, В.Н.Кондратьев, В.А.Осипов, С.Рубаев, Б.Хайдаров т.б.)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Зањының 9-бабына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы атқарушы және өкілді органдарының пікірін ескере отырып қаулы етемін:

1. Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласы Семей қаласы болып қайта аталсын.
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ