Басы » Акимат » Актуально » Қаланың көрікті жерлері
Қаланың көрікті жерлері
Автор: Акимат
31-05-2011 15:15
Қаланың көрікті жерлері

Семей қаласының көз тартарлық жерлері болып тарихи-сәулет ескерткіштері  саналады.

1. Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабдулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр. 

2. Қос мұналары мешіт - сәулетші Болбатов, инженер поручик Манашев, 1856 - 1862 жж. - құрылысы және сәулет ескерткіші. ХІХ ғ. мұсылмандық сәулет үлгісі. Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған. Мешіт жұмыс істеп тұр.

3. Ямыш қақпасы - Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж. қақпа және оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтыњ басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы - XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

4. Невзоровтар отбасы атындағы мұражай - Қала құрылыс және сәулет ескерткіші (көпес Степановтың бұрынғы үйі), 1827 жыл. Революциядан кейін ғимаратқа жеке мемлекеттік мекемелер орналасқан.

5. Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы губернатор үйі) - 1856 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сәулетшінің есімі белгісіз. Революцияға дейін ғимаратта әскери губернатор тұрған.

6. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский тұрған) 1838 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады. Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән   үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа- 2,45 м. бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.

7. Абай  тұрған Анияр  Молдабаевтің үйі  (Алаш арыстары). ХІХ ғасырдың соңы. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Төртбұрышты, ағаштан салынған. Төменгі қабат жоғарғыдан кішілеу, терезелері қақпақталған. Екі қабаттың да терезелері оюланған. үйдің қабырғасына орыс және қазақ тілдерінде 2 мемориалдыќ тақта ілінген: «Бұл үйде 1878-1904 жж. ұлы ағартушы ақын Абай Құнанбаев тұрған».


8. «Өлімнен де күшті» мемориалы - 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов.

9. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанда ашылды.  Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық  Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания ЛТД компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.


10. Республикалық әдеби-мемориальдық Абай мұражайының ғимараты – 1860 жыл. Мемлекттік  әдеби-мемориальдық Абай мұражайы Семей қаласында 1940 ж. Абайдың туғанына 95 жылдығына салынды.


11. Жеңіс мемориалы - Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл толуына орай 1985ж 9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент тұрғызылды.  Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко А.В., Тихомолов В.Ф.