Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » ЭКСПО аумағында ҚР ІІМ Ішкі істер бөлімі ашылды
ЭКСПО аумағында ҚР ІІМ Ішкі істер бөлімі ашылды
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
15-03-2017 11:50
ЭКСПО аумағында ҚР ІІМ Ішкі істер бөлімі ашылды
14 наурыз күні ЭКСПО аумағында ҚР ІІМ Ішкі істер бөлімінің ресми ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ІІМ өкілдері,  Астана қаласы ІІД басшылығы, ЭКСПО қауіпсіздік қызметі мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров БАҚ өкілдеріне жаңадан ашылған Ішкі істер бөлімін таныстырды. Онда заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған кабинеттер, тир, спортзал және т.б. бөлмелер бар. 
ЭКСПО-2017 жобасы аумағында  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттык компаниясы мен құқық қорғау органдары бірігіп әрекет етуге қатысты ортақ жоспар құрып, сол жоспардың орындалуын жүзеге асыратын болады. Осыған қатысты тиісті жұмыстар атқарылуда. 
«ЭКСПО аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 9 мыңға жуық құқық қорғау органдарының өкілдері мен Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлігінің әскерилері, сондай-ақ жеке күзет құрылымы мен еріктілер жұмылдырылады. Шетел азаматтарының өтініштеріне дер кезінде әрекет ету үшін полиция қызметкерлеріне ағылшын тілін меңгеру курстары жүргізілді» - деді Астана қаласы ІІД Басшысы Амантай Әубәкіров.
Астана мен Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда және ЭКСПО-ның Халыққа қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ,  қаланың 40 қонақ үйінде миграциялық бақылау жұмыстарын тездету үшін миграциялық пунктер қарастырылған. Шетелдік азаматтарды тіркеу процесін жеңілдету мақсатында қаладағы 23 қонақ үйде, заңды және жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша автоматтандырылған режимде Электрондық Үкімет порталы арқылы шетелдік қонақтарды онлайн-тіркеу жүргізілетін болады.
Ал, ЭКСПО-дағы қауіпсіздік мәселесіне келетін болсақ, шараны ұйымдастырушылар Шанхай, Йосу, Миланда өткен халықаралық көрмелер мен Баку және Сочиде өткен спорттық жарыстардаға халықаралық тәжірбиені егжей-тегжейлі меңгерді. 
«Жұмыс қорытындысы бойынша «ЭКСПО-2017 кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы құрылып, жүзеге асырылатын болады. Онда әлемдік жетекші өндірушілердің қауіпсіздік саласындағы техникалық жетістіктері қолданылады. Кіру топтарына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, тексеру құралдарымен жабдықтау, көрме аумағында келуші қонақтарға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тыйым салынған заттарды міндетті түрде тексеруден өту талап етіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жүкті әйелдерге, балаларға арналған бөлек жол қарастырылған» - деп баяндады Ұлттық компания қауіпсіздік Департаментінің Директоры Рустам Чакенов. 
ЭКСПО аумағында жедел әрекет ету үшін Астана қаласы ІІД оперативті басқару Орталығына қосылған 2 мыңнан астам бейне-бақылау камералары орнатылған және  адам тану міндеттерін атқаратын 140 бейне камералары бар. 
«ІІМ Басшысы жетекшілігімен тиісті мемлекеттік органдары, сондай-ақ, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету орталығымен бірлесе отырып, ЭКСПО аумағында ведомства аралық оперативті штабы құрылды. Қазақстанда өтетін жаhандық жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңадан ашылған Ішкі істер бөлімінің маңызы зор» - деп қорытындылады Астана қаласы ІІД Басшысы Әубәкіров Амантай Ақрамұлы.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығанда   Астана қаласында өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмеге 5 млн.-нан астам келушілер күтілуде. 
 
Ішкі саясат бөлімі