Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » Семейдің жас спортшылары белестерді бағындыруда
Семейдің жас спортшылары белестерді бағындыруда
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
20-04-2017 11:52
Семейдің жас спортшылары  белестерді бағындыруда
Кеше қаламыздағы орталық кітапханада спорт саласында жеңімпаз атанып жүрген жас спортшыларымызға арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Аталған жиынды өткізудегі мақсат, қаламыз бойынша спорт саласын дамытуға атсалысып, жетістіктері жайлы көпшілікке насихаттау және қолдау таныту.
Баспасөз мәслихатына қыздар арасындағы шағын футбол,  шайбалы хоккей спорты, пневматикалық қарудан оқ ату салалары бойынша жеңіске жеткен спортшылар қатысты. Жиынға шайбалы хоккей спортынан Семей қаласына қарасты Озерки ауылы орта мектебінің оқушыларынан құралған команда шақырылды, бұл  команда   3-8 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен Республикалық турнирде 4-ші орын иегерлері атанса, қыздар арасындағы шағын футболдан жеңімпаз атанып отырған қыздарымыз да қатысты. Осы спорт саласы бойынша Семей қаласының құрама командасы  ШҚО бойынша сегіз мәрте чемпион атанып, команда мүшелері, №31 орта мектебінің  оқушысы Рымова Зарина «Үздік бомбардир», №38 орта мектебінің оқушысы Абдулхасенова Назерке «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталды.
Сондай-ақ, пневматикалық қарудан оқ атудан 28-30 наурыз аралығында Ақтобе қаласында қыздар арасында өткен Республикалық турнирде  жеіңімпаз атанып, «Мерген аруы-2017»  атағын иемденген Семей қаласының Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясының оқушысы Биғалиева Назерке де аталмыш жиынға арнайы шақырылды.
Баспасөз маслихаты өту аясында қаладағы спорт саласының жетістіктері жайлы кең талқыланды. Жаттықтырушылар тарапынан әр спорт саласы бойынша ұсыныс-тілектер қабылданды. Спорт  саласы  бойынша келешекте қамтылатын жоспарлар турасында акпараттар беріліп, шақырылған спортшылар да сөз сөйледі.
Баспасөз мәслихатының соңына қарай, қатысушыларға қаламыздың спорт саласына қосқан үлестері үшін алғыс айтылып, жаттықтырушылары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
 
Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихаттық секторы