Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » Семейде «EXPO-2017» қолдау мақсатындағы еріктілер слеті
Семейде «EXPO-2017» қолдау мақсатындағы еріктілер слеті
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
16-05-2017 10:22
Семейде «EXPO-2017» қолдау мақсатындағы еріктілер слеті
2017 жылғы 13 мамыр күні Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Семей Жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі тұңғыш рет «EXPO-2017» қолдау мақсатындағы еріктілер слетін өткізді. Слет мақсаты -«EXPO-2017» ұтымды ұйымдастыру мен қолдауға ықпал ететін еріктілер қызметінің заманауи идеяларын шоғырландыру болып табылады. Слетқа қаламыздың жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындары мен  орта білім беретін коледждердің белсенді еректілері мен Өскемен, Павлодар қалаларынан студенттер  қатысты. Слет аясында «EXPO-2017» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қала мектептерінен өнертапқыш оқушылар мен жетекшілері өздерінің жұмыстарын таныстырып, қызметтерімен бөлісті.  Іс-шара барысында жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту арқылы Жас еріктілерді оқытуға арналған «Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін!» атты тренинг өткізілді. Еріктілер тобының көшбасшыларына арналған «Суперстарволонтер» семинары жүргізілді. «EXPO-2017» көрмесіне тікелей қатысатын еріктілер тобына  қызметін жүзеге асыру бойынша мастер-кластар ұйымдастырылды. 
Іс-шараның қорытындысы бойынша Көрме жұмыстарының барлық қатысушыларына сертификаттар мен «EXPO-2017» көрмесінің билеттері сыйлық ретінде табысталып марапатталады. Слеттің әрбір қатысушысы әдістемелік  және таратпа материалдар жиынтығымен қамтамасыз етілді. Қала қонақтарына қаламыздың көрікті орындарына «Ұлы қала Семей» атты экскурссия ұйымдастырылды.
 
Ішкі саясат бөлімі