Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » «Яркокросс» - бояулар мерекесі
«Яркокросс» - бояулар мерекесі
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
26-06-2017 15:49
«Яркокросс» - бояулар мерекесі
Жыл сайын маусым айының соңғы жексенбісінде жастар күні аталып өтетіні белгілі. Мерекеге орай, қала жастарына арнап ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Семей жастар Ассамблеясы» жастар қоғамдық бірлестігі, жастар ресурстық орталығы және «Город F» ақпараттық порталының ұйымдастыруымен «Яркокросс» бояулар мерекесі өткізілді.  «Яркокросс» - салауатты өмір салтын насихаттау мен  жазғы уақытта қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілетін шаралардың бірі. Бояулар мерекесі Ертіс өзенінің жағалауынан басталып, Орталық мәдениет және демалыс саябағында жалғасты. 2000-ға жуық қала жастарының басын біріктірген «Жастар күні» мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасты.
 
Ішкі саясат бөлімі