Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » Жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді
Жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
29-06-2017 16:22
Жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді
28 маусым күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді. Оған Кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округтер және кенттер әкімдері аппаратының бас мамандары мен  жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. 
Кеңес күн тәртібіндегі «Жастар арасындағы суицидтің алдын-алу жұмыстары туралы» мәселесі бойынша жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары А. С. Нығымановтың және білім бөлімінің басшысы Н. А. Фесенконың ақпараты тыңдалды. 
Екінші мәселе «Приречный ауылында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы» бойынша Приречный ауылдық округінің әкімі А. Ж. Байдомалақовтың ақпараты тыңдалды. 
Кеңес соңында жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.
 
Ішкі саясат бөлімі