Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » Знаменка ауылдық округінің жастарымен кездесу жұмыстары және арнайы семинар – тренинг жүргізілді
Знаменка ауылдық округінің жастарымен кездесу жұмыстары және арнайы семинар – тренинг жүргізілді
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
11-08-2017 17:31
Знаменка ауылдық округінің жастарымен кездесу жұмыстары және арнайы семинар – тренинг  жүргізілді
2017 жылғы 10 тамыз күні «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауыл жастарының бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша әлеуметтік қызмет» жобасы аясында Знаменка ауылдық округінде  жастармен кездесу жұмыстары және арнайы семинар – тренинг  жүргізілді.  
Ауылдық клубта ауыл жастарымен Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Мустафа Кожамсеит және  «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркебулан Турсын кездесті. Кездесу барысында ауылдық округтегі жастар саясатының өзекті проблемалары, болашақтағы жоспарлары талқыланды. 
Жастарға арналған  «Әлеуметтік жобалау және жобаларды басқару» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып, жобаларды жазу, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу, «Time management», әлеуметтік көшбасшылық туралы ойлар қозғалды. Семинарға қатысушылар саны 19 адамды құрады.
Барлық қатысушылар таратпа материалдармен қамтамасыз етіліп, сертификаттармен марапатталды.
 
 
Ішкі саясат бөлімі