Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Латын графикасы дәрігерлерге тын емес
Латын графикасы дәрігерлерге тын емес
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
11-10-2017 17:36
Латын графикасы дәрігерлерге тын емес
Семейде  медициналық жедел жәрдем көрсету ауруханасында латын әліпбиіне ауысуға қатысты кездесу өтті. Жиынға аурухананың әкімшілік және медицина қызметкерлері қатысты.
Кездесуге қалалық ақпараттық насихаттық түсіндіру тобының мүшелері келіп, республикалық деңгейде латынға көшу мәселесі талқыланып жатқандығын алға тартып, кездесуді өткізді. 
Мұнда латын графикасына өту, ең алдымен, дәрігерлер үшін оңай болатындығы туралы ескеріліп, медицинада латын графикасындағы терминологиялар тын емес кендігі айтылды. 
Қызметкерлердің айтуынша латын әліпбиіне өту – заман талабы. Ал бізге, медицина қызметкерлеріне қатысты айтар болсақ, латын тілі – дәрігерлердің кәсіби тілі, медицинада анатомиялық, емханалық және фармацевтикалық терминдер үшін қолданылады. Медициналық терминдерді дұрыс түсіну үшін медқызметкерлер латын тілін жақсы біліп, күнделікті қызметінде латын терминологиясын пайдалана алуы керек. Себебі, цифрлы медицина латын тілінен басталады. 
 
Ішкі саясат бөлімі