Басы » Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау » Жаналықтар » «Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру туралы ақпарат
«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру туралы ақпарат
Автор: Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
10-03-2017 16:57
«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру туралы ақпарат
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес, «Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы: 
білім беру саласындағы 8 маманға және денсаулық сақтау саласындағы 1 маманға жалпы сомасы 1 336,2 мың теңгеге (148 470 теңгеден) көтерме жәрдемақы;
білім беру саласындағы 3 маманға және денсаулық сақтау саласындағы 1 маманға 10 764,7 мың теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.
2017 жылға:
жалпы сомасы 1 588 мың теңгеге (158 830 теңгеден) 10 маманға көтерме жәрдемақы;
4 маманға – 13 614 мың теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
 
 
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі