Басы » Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау » Жаналықтар » 2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат
2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат
Автор: Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
18-04-2017 15:26
2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат
2017 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімдері көлемі қолданыстағы бағада 33 934,4 млн. теңгені құрады (2016 жылғы қаңтар-наурызда – 31 866,3 млн.теңге). Нақты көлем индексі – 100,0%.
Тау кен өнеркәсібінде өнім көлемі 5 889,6 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 147,6% (2016 жылғы қаңтар-наурызда – 3 990,7 млн.теңге), нақты көлем индексі – 132,2%.
2017 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 23 084,2 млн.теңге көлемінде өнім өндірілді (2016 жылғы қаңтар-наурызда – 22 753,7 млн.теңге), нақты көлем индексі – 99,8%. 
Аграрлы секторда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2017 жылғы қаңтар-наурызда 3 219,6 млн. теңгені құрады немесе өткен жылғы сәйкес деңгейге 120,5% (2016 жылғы қаңтар-наурызда – 2 671,4 млн.теңге). НКИ – 107,7%.
Ет өндірісі 10,1%-ға (5 729,6 тоннаға қарсы 6 308,8 тонна) артты, сүт өндірісі – 1,6%-ға (4 084,3 тоннаға қарсы 4 019,6 тонна) азайды, жұмыртқа саны өткен жыл деңгейінде (297,8 мың данаға қарсы 297,9 мың дана шығарылды).
Ірі қара мал басы 5,4%-ға (53 236 басқа қарсы 56 132 бас), жылқы – 12,8%-ға (27 495 басқа қарсы 31 011 бас), құс басы 10,7%-ға (1 255,2 мың басқа қарсы 1 389,9 мың бас), шошқа басы 9,0%-ға (998 басқа қарсы 1 088 бас) артты, қой мен ешкі басы – 12,7%-ға (132 563 басқа қарсы 115 735 бас) төмендеді.
2017 жылдың 1 сәуірі жағдайына шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары саны 1 271 бірлікті құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 111,0% (1 145 бірлік). 
Бөлшек тауарайналымының көлемі 40 959,2 млн.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 126,0% (2016 жылғы қаңтар-наурызда – 32 499,4 млн.теңге) құрады, НКИ – 114,3%. 
2017 жылдың қаңтар-наурызында қалаға 4 146,0 млн. теңгеге қарама қарсы  4 379,7 млн.теңге инвестиция тартылды (НКИ – 100,6%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 556,0 млн.теңге, бұл өткен жылдан 65,3%-ға жоғары (2016 жылғы қаңтар-наурызда – 941,3 млн.теңге). НКИ – 157,0-ды құрады. 
24 696 ш. м. тұрғын үй енгізілді (2016 жылғы қаңтар-наурызда 13 409 ш.м.). 
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті өткен жылдың осындай мерзіміндегі 3 313,4 млн.теңге қарсы 4 078,7 млн. теңгені құрады (өсу қарқыны 123,1%).
2017 жылғы 1 сәуір жағдайына тіркелген жұмыссыздар саны 1 288 адамды құрады (2016 жылғы 1 қаңтарға – 1 433 адам). 
2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 106 230 теңгені құрап, 2016 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 12,2%-ға артты (93 481 теңге). 
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі