Басы » Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау » Жаналықтар » 2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары
2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары
Автор: Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
19-04-2017 12:50
2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

 

2017 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасында Семей қаласы 9 орынды иеленуде.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің 9-ы бойынша нәтижесі жақсарғандығын көрсетті:
- өндірістік өнеркәсіп нақты көлем индексі – 100,0% (98,5%), құрылыс жұмыстары нақты көлем индексі – 157,0% (55,7%), бөлшек-сауда тауар айналымы нақты көлем индексі – 114,3% (96,9%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 120,0% (113,5%), қала бюджетінің меншікті табыстар көлемінің өсу қарқыны – 123,1% (101,9%), шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 111,0% (90,9%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 101,3% (100,6%), 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 89,4% (96,4%), қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 78,7% (92,2%).
- негізгі капиталға жеке меншік инвестицияның нақты көлем индексі көрсеткіші бойынша теріс қарқын байқалады – 82,4% (98,6%).
- 3 көрсеткіш бойынша жағымды динамикаға қарамастан өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: ауыл шаруашылығы жалпы өнімі нақты көлем индексі көрсеткіші бойынша өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда– 107,7% (109,3%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар санының өзгеруі – 101,5% (106,1%), қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі– 102,9% (103,5%).