Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Аудиторлық іс шараның қорытындысы, бюджеттің орындалуының ағымдағы мәселелері және коммуналдық меншікті басқару бойынша семинар-кеңес
Аудиторлық іс шараның қорытындысы, бюджеттің орындалуының ағымдағы мәселелері және коммуналдық меншікті басқару бойынша семинар-кеңес
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
13-04-2017 15:39
Аудиторлық іс шараның қорытындысы, бюджеттің орындалуының  ағымдағы мәселелері және коммуналдық меншікті  басқару бойынша семинар-кеңес
2017 жылдың 11 сәуірінде қала әкімінің орынбасары К.Ш. Ерембесовтың төрағалығымен мемлекеттік мекемелердің басшылары және қаржылық-есеп қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға 177 адам қатысты.  Күн тәртібіне 5 мәселе қойылды:
1.Бюджеттің орындалуы бойынша есептілікті ұсыну және жергілікті атқарушы органның резервін қолдану ережесін ұстану.
2.Басқару тиімділігін және коммуналдық меншікті қолдануда аудит қорытындысы.
3.ШҚО тексеру комиссиясымен кешенді тексеру қорытындысы бойынша анықталған негізгі бұзушылықтар.
4.Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен мемлекеттік сатып алу кезіндегі талаптар.
5.Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен түсім және қаражатты қолдану. Жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджетті енгізу.
Қазақстан Республикасының қаржы министрімен өткен жылдың соңында бюджеттік есептілікті құрастыру және ұсыну, бюджеттік мониторингті жүргізу бойынша нұсқамалар жаңа басылымда бекітілді. Семинар қатысушыларына негізгі жаңалық түсіндіріліп, бюджеттік есептілікті құрастыру кезінде жіберілетін қателіктерге назар аударылды.
2016 жылдың қарашасында және ағымдағы жылдың наурыз айында ШҚО тексеру комиссиясымен қаланың мемлекеттік мекемелерінде және кәсіпорындарында бюджеттік қаражаттарды және мемлекеттік активтерді пайдалану мәселелері бойынша кешенді аудиторлық шаралар жүргізілді. Семинарда анықталған бұзушылықтарды талдау нәтижелері айтылып, қаржылық-есеп қызметкерлерге әрі қарай жұмыста оларды болдырмау бойынша ұсыныстар берілді. 
Ағымдағы жылдың басынан қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесіне мемлекеттік сатып алу бірыңғай ұйымдастырушы арқылы өткізіледі. Тапсырыс берушімен бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсты өткізуге тапсырма құжаттамаларды ұсыну кезіндегі негізгі талаптар қарастырылды.Тапсырыс берушінің бірінші басшылары, немесе олардың міндетін атқарушылар ұсынылып отырған құжаттамалардың толық және сапалылығына жауапты болып келеді.
Семинар барысында негізгі назар мүліктерді теңгерімде уақтылы көрсетуге, оларды мемлекеттік мүлік реестріне енгізуге, барлық құқық растаушы құжаттардың бар болуына, оларды сақтау және тиімді қолданылуына аударылды.
Ауылдық округ әкімдеріне саны 2000 адамнан асатын ауылдық округ және кенттерде 2018 жылдан бастап бюджеттің төртінші деңгейін енгізу бойынша дайындық жұмыстарды бастау ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
 
 
Қаржы бөлімі