Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Жеке тұлғалармен өз мүлкін мемлекет меншігіне өтеусіз беруі туралы
Жеке тұлғалармен өз мүлкін мемлекет меншігіне өтеусіз беруі туралы
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
04-08-2017 09:47
Жеке тұлғалармен өз мүлкін мемлекет меншігіне өтеусіз беруі  туралы
Мүлікті мемлекеттік меншікке сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу Қағидасымен белгіленген (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысы). 
Бұл функция мемлекеттік қызмет болып табылады және оны атқару үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» №230 қаулысымен тиісті регламент бекітілген. 
Қызметті облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы көрсетеді. 
Өз мүлкін мемлекетке сыйға тартуға тілек білдірген меншік иесі тиісті құжаттарын қоса отырып аталған басқармаға жүгінуге тиіс.
Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша тиісті түрде ресімделген техникалық паспорт, жер пайдалану актісі және әділет органдарында меншік құқығы тіркелгендігі жөніндегі құжаттар болуы керек.
Басқарма шешім қабылдай отырып, сыйға тарту келісім-шартын жасайды және сыйға тартқан мүлікті мемлекеттік ұйымдар теңгеріміне береді.
Бірақ, оң шешім,  осы мүлікке мемлекеттің мұқтаждығына қажеттілігі мен экономикалық орындылығы бар болған жағдайда ғана қабылданады.
 
 
Қаржы бөлімі