Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Квазимемлекеттік секторда бюджет саясатындағы жаңа тұжырымдамасы
Квазимемлекеттік секторда бюджет саясатындағы жаңа тұжырымдамасы
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
22-08-2017 15:54
Квазимемлекеттік секторда бюджет саясатындағы жаңа тұжырымдамасы
Ұлттық экономика министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметін қызметтің коммерциялық бағыттылығы және көрсеткен қызметтен (жұмыстан) алынатын кірістер есебінен қаржыландыру мүмкіндігі тұрғысынан  талдау бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазіргі кезде бірқатар мемлекеттік мекемелер көрсетілген қызметтер көлеміне байланысты қаржыландыруға көшірілген.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау шеңберінде бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігі туралы ақпаратты қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына тиісті түзетулер енгізіледі.
Жаңа тәртіпке сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісі инвестициялық ұсыныс пен қаржылық-экономикалық негіздемені қалыптастыру кезінде орта мерзімді кезеңге іске асырылған, іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің салалық картасын уәкілетті органға ұсынады. 
Салалық қартада қаржыландыру көздері, нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштері, іске асыру бойынша мерзімдері туралы ақпарат қамтылған, бұл квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын, квазимемлекеттік сектордың инвестициялық саясаты шығыстары мен бюджеттік инвестициялардың келісімділігі (үйлесімділігін), инвестициялық жобаға шығыстардың қажеттігі, сондай-ақ, бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланылмауына жол бермеу  мақсатында, неғұрлым сапалы талдауды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл бағдарламалар әкімшілеріне тиісті саланы дамытудың толық көрінісін алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, мемлекет тарапынан ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне және бюджеттік инвестициялар бөлу мақсаттылығына толық бақылау жүргізілетін болады.
 
Қаржы бөлімі