Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » 2016-2020 жылдардың жекешелендіру Кешенді жоспарын іске асыру бойынша
2016-2020 жылдардың жекешелендіру Кешенді жоспарын іске асыру бойынша
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
28-08-2017 15:41
2016-2020 жылдардың жекешелендіру Кешенді жоспарын іске асыру бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Семей қаласы бойынша бәсекелестік ортаға беруге жататын 5 квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары бар, олардың ішінде «Ұлттық спорт ойындарының түрлері бойынша «Тұлпар" клубы» КМҚК, «Спартак» футбол клубы» КМҚК, «Семей «Автобекеті», «Ертіс»Спорт кешені» және «Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
«Ұлттық спорт ойындарының түрлері бойынша «Тұлпар" клубы» кәсіпорны жойылып  ұлттық тізілімнен 2015 жылы шығарылған. 
Ағымдағы жылы «Ертіс» спорт кешенінің» жарғылық капиталындағы 56,1% үлесін бағаны төмендету әдісімен электрондық аукцион арқылы жеке тұлға                     сатып алды 297,1 мың теңгеге сатып алды (бағаланған құны - 155,1 млн. теңге, объект аукционға 4 рет қойылды).
«Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 49 % үлесін бағаны төмендету әдісімен 2017 жылы 22 тамызда өткен электрондық аукцион арқылы жеке тұлға 9,3 млн. теңгеге сатып алды. ( Бағаланған құны - 16,4 млн. теңге, объект аукционға      2 рет қойылды).
2017 жылы 6 қаңтарда «Семей Автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 % үлесі, автобекет инфрақұрылымын қолданыстағы стандартқа сәйкес келтіруі талаптарымен, кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға 1 жыл мерзімге берілген. Бағалау құны – 269,3 млн. теңге, жеңімпазбен ұсынылған сатып алу құны – 600 млн. теңге.
Саласының уәкілетті органы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен  бірлесіп жүргізілген мониторингке сәйкес, бүгінгі таңда жасалған шарт бойынша тиісті жұмыстар жасалған. Шарттың аяқталу мерзімі – 2018 жылдың қаңтар айы. 
Объектіні сенімгерлік басқаруға бергенде, меншік құқығы жеке тұлғаға ауыспайтындығын атап өткен жөн, яғни «Семей-Автобекет» серіктестігінің 100% үлесі мемлекетке тиесілі. 
"Спартак "Футбол клубы" кәсіпорны жою сатысында, жою жұмыстары 2017 жылдың 15 желтоқсанында аяқталуы тиіс. Жою процесін ұйымдастыруға және уақтылы аяқтауына жауапты болып дене шынықтыру және спорт бөлімі танылады. Кәсіпорында толығымен жою мерзімі 2017 жылдың 15 желтоқсаны деп бекітілген.
 
Қаржы бөлімі