Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » Қала кәсіпкерлерінің назарына!
Қала кәсіпкерлерінің назарына!
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
18-05-2017 14:37
Қала кәсіпкерлерінің назарына!
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі №03-08/2320 хатына сәйкес келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен жаңа өзектендірілген редакцияда бекітілді. 
ИИДМБ шеңберінде 2017 жылы конкурстық негізде іріктелетін 6-дан кем емес пилоттық аумақтық кластерді іске асыру бойынша міндет көзделген. Аумақтық кластерлерді дамыту Дүниежүзілік банктің институционалдық қолдауы арқылыиндустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті органға және индустрия дамыту саласындағы «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ бекітілген.
Кластерлік дамытудың жаңа тәсілдері аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу процедураларын оңайлату және оңтайландыруға негізделеді. 
Қазіргі уақытта аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді 2017 жылғы 10 сәурден бастап 8 маусымға дейін қабылдау жүргізілуде
Осыған байланысты, кәсіпорындардың назарына аумақтық кластерлердің конкурстық таңдау ережелерін ұсынамыз.
 
Отдел предпринимательства