Көшпелі жиналыс өткізілді
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
07-08-2017 17:52
Көшпелі жиналыс өткізілді
2017 жылғы 7 тамызда маңайындағы жерлерді көріктендіру мәселесі бойынша Дулатов көшесінде орналасқан гүлдер сататын дүңгіршектердің иелерімен көшпелі жиналыс өткізілді.  
Жиналыста мынадай мәселелер талқыланды: сәулет-эстетикалық талаптарға сәйкес дүңгіршектердің алдын қалыпқа келтіру, жаяужол  плиткаларын салу, маңайындағы жерлерді санитарлық жағдайға сай ұстау.
 
Кәсіпкерлік бөлімі