Қалалық семинар
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
17-03-2017 09:50
Қалалық семинар

2017 жылдың наурыз айында №6 гимназия, №16 орта мектеп, №22 мектеп-лицей базаларында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқыту мен тәрбиелеуде тілдердің үштұғырлығы» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты- мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды үш тілді үйрену мен қолданудың жаңа деңгейіне бейімдеу арқылы 2015-2019 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламаның орындалуын жүзеге асыру.

Семинар барысында №№5, 6, 37 гимназия, №22, №38 мектеп-лицей, №№16, 29, 30 жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздары үштілділік бойынша атқарылып жатқан жұмыстары мен коучинг, сабақ өткізіп, сыныптан тыс іс-шараларын көрсетті.

Аталған іс-шараға қала мектептері мен қала маңындағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.

Білім бөлімі