Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Жұлдызай» балалар шығармашылығының фестивалі
«Жұлдызай» балалар шығармашылығының фестивалі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
17-03-2017 09:57
«Жұлдызай» балалар шығармашылығының фестивалі

Балалар және жастар шығармашылығы сарайында «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының Республикалық фестивалінің қалалық кезеңі өтті.

Фестивальдің мақсаты: мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, фестивальға қатысатын әр баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, әрі ашуға көмек және қолдау көрсету.

Фестивальға облыстық есту қабілеті нашар, нашар көретін балаларға арналған интернат, көмекші мектеп-интернат тәрбиеленушілері, №№15, 16, 19 ЖОББМ оқушылары және де Бесқарағай ауданынан қатысты. Барлық ұжымдар белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

Білім бөлімі