Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Жүректен жүрекке» акциясы
«Жүректен жүрекке» акциясы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
18-03-2017 16:38
«Жүректен жүрекке» акциясы

2017 жылғы 1 наурыздан бастап жыл сайынғы «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды және 31 мамырға дейін жалғасады.

Акцияның мақсаты әрбір азаматтың қайырымдылық қызметіне жұмылдырылуы және олардың іске асырылуына ортақтастығы, ортақ күшімізбен балаларымыз бен жеткіншектеріміздің ардақты тілектерін жүзеге асыруға көмектесу.

Акцияға аз қамтылған, көп балалы, қамқоршылықтағы отбасыларының, білім алуда ерекше қажеттілікті талап ететін (мүгедектер), сондай-ақ ата-аналары мүгедек балалардың тілектері мен мұқтаждықтарына бей-жай қарай алмайтын әрбір адам қатынаса алады. Демеушілер балалар мен жасөспірімдердің тілектерін (өтініштерін) орындау бойынша өз ұсыныстарын олармен әрі қарай жұмыс істеп және мұқтаж отбасыларымен байланысу үшін білім бөліміне жолдай алады.

Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінен 30 тілек келіп түсті, онда балалар сыйлыққа киім, аяқ-киім, ойыншықтар, танымдық кітаптар мен ойындар, энциклопедиялар, шығармашылыққа арналған жиынтықтар алуды армандайтындықтарын жазған. Балалар армандарының орындалуына көмектескен мейірімді, қайырымды адамдар табылды.

Акция жалғасуда, балалардың тілектері және оларға қол ұшын созуға дайын меценаттарды іздеу TYLEK.KZ. сайтында қабылданып және орналастырылады.

Білім бөлімі