Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын - алу кеңесі
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын - алу кеңесі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
13-04-2017 14:50
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын - алу кеңесі

«Қылмыс және жасөспірім» тақырыбы қазіргі таңда өзекті болуда, өйткені әрбір жасөспірім құқық бұзушылық әрекетінің салдары түзетуге келмейтін қиындыққа әкелетінін түсіне бермейді.

Осы жайында толық мазмұнда жалпы білім беретін мектептердегі жасөспірім ұлдар, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, сынып жетекшілер, мектеп инспекторларымен бірге өткізілген кездесуде айтылды. Бұл жиын-кеңеске 600 оқушы 9, 10, 11 сыныптардан, яғни ЖӨИ, ЖЖБ «тәуекел тобында» есептерінде тұрған және  басқа да оқушылар қатысты. 

Аталған жиын білім бөлімі басшысы Н.Фесенко төрағалығымен, Семей қаласы ІІБ–ның жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары А.С. Нығыманов, қалалық әкелер Кеңесі өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сондай-ақ Шығыс кентіндегі «Көпес көпірі» ауданындағы жасөспірімдермен жастардың түнгі уақытта топтық жиындары жайлы және төбелес, қорқыту, ұрлық т.б. сынды әрекеттерге қолданылатын жазалар туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар Наркологиялық диспансердің нарколог – дәрігері жиын –кеңеске қатысушыларға алкогольдік ішімдіктер, темекі, нашақорлық заттардың жасөспірімдер денсаулығына кері әсері жайлы баяндап берді.

Қатысушылар назарына  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелері және құқықтық және адамгершілік аспектілері жайында видеороликтер көрсетілімдері көрсетілді.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жалпы білім беретін мектептерге жалпы ата-аналар жиналыстарын, ұлдармен Әкелер Кеңесі арасында кездесулер өткізіп, «тәуекел тобындағы» жасөспірімдерді ұстаздарға жекелеп бекітіп және олардың үйірме, секция жұмыстарымен уақыттарын қамту ұсынылды.

Білім бөлімі