Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Қауіпсіз интернет» республикалық кампаниясы
«Қауіпсіз интернет» республикалық кампаниясы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
19-04-2017 10:54
«Қауіпсіз интернет» республикалық кампаниясы

Қауіпсіз интернет балалар үшін бүгінгі күні өте өзекті тақырып. Біздің оқушылар  қоршалған агрессивті интернет - контентінен мүмкіндігінше шектелуі тиіс және интернет ресурстарын пайдалануда  мәдениет түсінігі болуы керек. Кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты,  ересектер мен ата – аналар қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылатуы тиіс. Білім министрлігі 2017 жылдың 10-сәуір мен 20-сәуір аралығында қауіпсіз интернет науқанын жүргізуде. Ақпараттық кампанияны өткізу аясында «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Интернет және біз»,  «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» және басқа да тақырыптарда жалпы мектептік лездемелер, сынып сағаттары, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер т.б. іс-шаралар өткізілуде.

Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде ата-аналар мен балалардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеру күтілуде, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіру, интернет жүйесіндегі әңгімелесушімен әңгімелесу барысында құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Білім бөлімі