Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Баспасөз конференциясы
Баспасөз конференциясы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
21-04-2017 15:00
Баспасөз конференциясы

2016-2017 оқу жылы ішінде жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары әртүрлі спорттық турнирлер мен жарыстарда сәтті өнер көрсетті.  

Баспасөз орталығында спортшы-мектеп оқушыларының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Баспасөз конференциясына  шақырылғандар:

- Озерка ЖОББМ оқушылары – Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының балалар командалары арасында өткен шайбалы хоккейден  «Жұлдызша» көп этапты турнирінің 2016-2017 кезеңінің финалдық бөлігінің  жеңімпазы,  1 млн. теңгелік сертификат иегері;

- № 23 ЖОББМ мамандандырылған спорт сыныбының оқушылары - ШҚО жалпы орта білім беретін мектептерінің мамандандырылған спорт сыныптары оқушыларының арасында өткен «Спортландия» спорт ойынының жеңімпазы, 200 мың теңгелік сертификат иегерлері;

- Семей қаласының қыздар шағын футболдан құрама командасы -  2000 жылғы туған және одан кіші қыздар арасында Шығыс Қазақстан облысының мектептері мен колледждері оқушылары арасында VIII қыстық Спартакиада бағдарламасы шеңберінде қыздар арасында шағын  футболдан өткен жарыстардың жеңімпазы;

- Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия оқушысы Назерке Биғалиева, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молағұлованы еске алуға арналған оқпен ату бойынша қыздар арасында өткен республикалық турнир және «Мисс снайпер-2017» атағының жеңімпазы.

Баспасөз конференциясына спортшыларды дайындаған дене шынықтыру және АӘД мұғалімдері - Каримов Р.Ж., Жумаш С.Т., Атентаев Г.П., Тусупов С.А. қатысты, оларға білім бөлімінің Алғыс хаттары тапсырылды.

Балалар өздерінің жарысқа қатысуы және ондағы жеңістері туралы әсерлерімен бөлісіп, сондай-ақ баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Білім бөлімі