Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Қалалық сапта жүріп ән айту байқауы
Қалалық сапта жүріп ән айту байқауы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
11-05-2017 11:44
Қалалық сапта жүріп ән айту байқауы

7 мамыр күні бүкіл Қазақстан халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Өйткені бұл күні ел Президентінің жарлығы бойынша бұдан 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған. Бұл күн –қазақстандықтардың ерліктерін асқақтатып, Отанға қызмет ету сабақтастығының шежіресін дәріптейді.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері күні мерекесі қарсаңында Орталық алаңда қала мектептері оқушылары арасында сапта жүріп ән айту байқауы өтті.

Бұл іс-шараның оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруде маңызы зор. Оқушылар байқауға қатыса отырып, әскери-патриоттық тәрбие негізінде өздерінің денелерін, еріктерін шыңдап, психологиялық дайындықтарының деңгейлерін арттыра түседі. Бұл байқау, әсіресе, әскер қатарына қызмет етуге дайындалып жүрген жоғары сынып оқушыларына маңызды.

Іс-шара «Шығыс» өңірлік бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша І орын мен ауыспалы Кубокты №19 ОМ,

ІІ орынды №34 ОМ мен №37 гимназия,

ІІІ орынды №16 ОМ, №23 ОМ, №48 ОМ иеленді.

Білім бөлімі