Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Балалар биологиялық орталығындағы облыстық семинар
Балалар биологиялық орталығындағы облыстық семинар
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
16-05-2017 15:33
Балалар биологиялық орталығындағы облыстық семинар

Семей қаласы білім бөлімі, «Шығыс» өңірлік орталығы  мен балалар биологиялық орталығының ұжымының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, әдіскерлері және қосымша білім беру мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы қосымша білім беру ұйымдарына экологиялық –биологиялық бағыты бойынша әдістемелік жұмыстарды жетілдіру» бағытындағы облыстық семинар өтті.

Семинарға Шығыс-Қазақстан облысы  Семей, Аягөз, Риддер қаласының және Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті, Жарма, Күршім, Уржар, Глубокое, аудандарының қосымша білім беру қызметкерлері қатысты.

Семинар мақсаты педагогикалық технологиялар бойынша теориялық және практикалық жүзінде білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, сонымен қатар қосымша білім беру бағытында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Семинар бағдарламасы баяндамалар, тренингтер, танымжорықтар, көрмелер және шебер-сынып түрінде құрылды. Мұндай сабақ түрлері тындаушыларды қызықтырды.

Семинар барысында тындаушылар ойларын бөлісе отырып, биологиялық орталық ұжымына кәсіби және жоғары деңгейде өткізуін атап өтіп,  алғыстарын білдірді.

Білім бөлімі