Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Облыстық практикалық семинар
Облыстық практикалық семинар
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
18-05-2017 14:37
Облыстық практикалық семинар

Семей қаласының №7 «Ақ бота» КМҚК базасында  «Театрландырылған әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»  облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі мекемелерде театрландырылған әрекет арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі мекемелерінің   әдіскерлерімен тәрбиешілері қатысты.

Семинар аясында  ҚМКК  №7 "Ақ бота" балабақшасының меңгерушісі  Д.Байскакова  "Театр балалар өмірінде" атты таныстырылым жасады, балабақша психологы Ж. Ергасанова "Шаттық шеңбері" атты психологиялық треннинг барысында қатысушылар топтарға бөлінді.

Семинар барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: көркем әдебиет бойынша "Мысық неге тамақтан соң жуынады?", "Шалқан",  "Қоянның үйшігі", "Үйшік", "Қызыл Телпек", "Кім мяу деді?" драмалары, ертегілер әлемі "Дос іздеген бота", "Қызыл Телпек" ұсынылды (тәрбиешілер: А.Тусипжанова-Шагирова, Г.Булакбаева, И.Танбаева, Г.Жетписова, Д.Басанбаева, К.Шулембаева, И.Бочарова, Г.Жакынова, Ж.Жотабаева).

Әдіскер А.Кошанова «Театр арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында таныстырылым өткізді, орыс тілі пәнінің оқытушысы С.Агибаева "Мнемотехника тәсілдерін ертегілерді оқуда пайдалану» іс-тәжірибесімен бөлісіп, жоғары топтарда орыс халық ертегісі «Заюшкина избушка» өткізді. Г.Ергасанова, А.Кошанова "Театр - бұл өмір" шеберлік сыныбын өткізіп, балабақша педагогтері  ағылшын тілінде ертегі көрсетті. Семинар соңында қатысушылар "Бір ғана жұлдыз" ән және би студиясының жұмысы бойынша қатысушыларға шығармашылық концертін ұсынды.

Семинар аясында қатысушылар балабақшада ашылған "Мәңгілік ел" кабинетімен танысты.

Білім бөлімі