Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Халықаралық «Айбын-2017» әскери-патриоттық жастар жиыны
Халықаралық «Айбын-2017» әскери-патриоттық жастар жиыны
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
22-06-2017 18:45
Халықаралық «Айбын-2017»  әскери-патриоттық жастар жиыны

2017 жылдың 13-19 маусымында Қарағанды облысының "Спасск" оқу полигонында Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.  Оқу орталығында жазылған шатырларында 600-ден аса жастардың басы қосылды. Онда республика және шетелдерден келген әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, сондай-ақ әскери-мектеп интернаттарының және жоғары оқу орындардағы әскери кафедралардың студенттері  қатысты.

Жиынды ҚР Қорғаныс Министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров салтанатты түрде ашты. Ашылу салтанатында жас патриоттарға, болашақ Отан қорғаушыларына ҚР ҚМ құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері өз шеберліктерін, спецназ жауынгерлері өз күштері мен бейімділіктерін және Қарағанды әскери-техникалық мектебінің мотоциклистшілер,  авиация артилериялары  әскери эпизодтарды  көрсетті.

Жиын барысында түрлі әскери-спорттық жарыстар , әскери дайындық, әскери ойындар, интелектуалдық сайыстар өткізілді. Жиынға қызығушылықпен қатысқан  қатысушылар таза ауада жаңа достармен табысып,  өздерінің  болашақ өміріне бағыт алғандай  әсерде болды.

Шығыс Қазақстан облысы намысын Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын гимназияның «Жас қыран» патриоттық  клубы  қорғап,  Халықаралық сайыста екінші орынды иеленді және дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

.

Білім бөлімі