Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Туған Астанаға арналған жас жүректердің лүпілдері
Туған Астанаға арналған жас жүректердің лүпілдері
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
13-07-2017 11:44
Туған Астанаға арналған жас жүректердің лүпілдері

Облыстық балалар биологиялық орталығының аясындағы экологиялық лагерьде «Әнім саған арналады-Астана», атты Астананың туған күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қала мектептерінің 100-ге жуық оқушылары ат салысты. Оқушылар туған жерге, Астанаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін патриоттық әндер мен өздері шығарған өлең шумақтарымен білдірді. Іс-шара жоспары бойынша, сондай-ақ шығармалар мен суреттер жарыстары ұйымдастырылды.

         Әсіресе, көрермендердің үлкен бағасына «Табиғаттың достары» тобының мүшесі Хлыбова Полинаның «Аспандағы құстар» әні, «Жасұлан» тобының өнерлі ақын қызы Мақсатқызы Камиланың авторлық «Астана менің мақтанышым» атты өлең шумақтары, «Айбын» тобының әнші қыздары Жұмагалиева Нұрай мен Серікқали Айша әуенді де, жан елжіретер «Қазақстан –қыран далам» әнімен ие болды.

Білім бөлімі