Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ «ЖАС ҚАНАТ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ
ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ «ЖАС ҚАНАТ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
09-08-2017 17:50
ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ «ЖАС ҚАНАТ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

     «№36 ЖОББМ» КММ қарасты «Жас қанат» лагері Бесқарағай ауданы Ескі Қорған жанында табиғаты көркем, қарағайлы орман арасында орналасқан.

Лагерь 12 күннен, 4 маусым жұмыс істеді. Биылғы жылы 300-ден аса бала, оның ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының 102 баласы жалпыға  міндетті оқу қоры есебінен демалды. Балалар 5 уақыт тамақтанды, бассейнде шомылды.

Лагерьге Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Шарова келіп, балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бесқарағай ауданының ТЖҚ бас маманы Е.О.Какебаев демалушылармен «Жазғы уақыттағы өрт қауіпсіздіктерін сақтау шаралары» тақырыбында әңгіме өткізді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында СӨС орталығының дәрігер-валеологы Г.Т.Кабаева «Дұрыс тамақтану негіздері» тақырыбында балалармен әңгімелесу жүргізді.

Балалардың лагерьдегі әр күндері лагерь басшысы А.М.Мырзабекованың жетекшілігімен ұйымдастырылатын өте қызықты, танымдық іс-шараларға толы болды.

Әр ауысымда «Достық» спорт лагерімен достық кездесу ұйымдастырылып, футбол, волейбол, қол күрес ойындарынан жарыстар өтті.

Сонымен қатар «Үштілділік –табысқа жетудің кілті» атты тілдер сайысы, «Алтын күміс Астана» музыкалық сайысы, «Нептун», «Денсаулық» күндері, «Жаз-2017 аруы», «Бақытты балалық шақ» суреттер байқауы, бұдан басқа балалардың сүйікті би кештері ұйымдастырылды.