Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » БАЛАЛАРДЫҢ ИТАЛИЯДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ИТАЛИЯДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
09-08-2017 17:57
БАЛАЛАРДЫҢ ИТАЛИЯДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ

Бірнеше жылдар бойы  ШҚО Білім басқармасының игі бастамасы негізінде «Эни С.п.А» Концерні, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясы арқылы жетім және аз қамтылған отбасы  балаларына Италияның Чезенатико қаласында тамаша демалыс ұйымдастырып келеді.

Биылғы жылы 2 оқушы, №6 гимназия оқушысы Қапділмүлік Темирлан және №19 ОМ оқушысы Жардамханова Алазиза Адриатика теңізі жағалауындағы Чезенатико қаласының Эмилия-Романья провинциясында демалып қайтты.

15 күн бойы балалар теңізге шомылып, күнге қыздырынды, түрлі шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларға, соның ішінде серфинг пен қайық спорты секциясына қатысты, тарихи жерлерді аралап, ескерткіштерді тамашалады, тіл үйірер итальяндық тағамдардан дәм татты.

Адриатика теңізі жағалауындағы естен кетпес демалыс балалар жадында өмір бойы сақталары сөзсіз.