Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Жаңа мектептің ашылуы
Жаңа мектептің ашылуы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
05-09-2017 18:31
Жаңа мектептің ашылуы

Мереке күні мектеп қабырғасында салтанатты ашылу және мектеп директорына кілт тапсыру шарасы өтті. Оқушылар өздерінің биылғы жаңа 2017-2018 оқу жылындағы алғашқы сабақтарын Бобровка кентінде орналасқан  жаңа мектепте бастайды.  

Аталмыш кент тұрғындары білім беру жүйесінің барлық талаптарына сай жаңа мектептің ашылуын бірнеше жылдар бойы күтті.  Бобровка кентінің тұрғындары қысқа мерзім ішінде заманауи мектеп тұрғызған «Азия» ЖШС құрылысшыларына зор алғыстарын білдірді.

Салтанатты жиын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың сөзімен басталды.  Өз сөзінде А. Нүсіпова барлық оқушылар мен ата-аналарды, мұғалімдерді жаңа мектептің ашылуы және іске қосылуымен құттықтады.

Жаңа білім беру мекемесі «100 нақты қадам» Ұлт  Жоспарын іске асыру шеңберінде  салынды.

Мектеп инновациялық жабдықтармен жасақталған. Түрлендірілген оқу сыныптары және ыңғайлы ауқымды кітап қоры бар кітапхана оқушылардың қолайлы жағдайларда білім алуына жағдай жасайды. Мектептің жобалық қуаты 600 оқушы орнына есептелген. 

Айта кететін жайт, биылғы оқу жылында мектептерде жаңартылған білім мазмұнына көшу жалғасады. Биыл 2, 5 және 7 сыныптар қосымша жаңартылған бағдарламаға көшеді.

Білім бөлімі