Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Мұғалімдер күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара
Мұғалімдер күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
02-10-2017 11:36
Мұғалімдер күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара

Абай атындағы театрда дәстүрлі «Мұғалімдер Күні» салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. 
Мұғалімдер Күніне арналған салтанатты шараға қала әкімінің аппараты, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру ұйымдары мен мекемелерінің өкілдері, БАҚ, ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық Кеңестерінің өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты.
Іс-шара бағдарламасында педагогтерді құрметтеу, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Қалада барлығы 4026 педагогикалық қызметкерлер бар, оның ішінде 98 жас педагог. Әртүрлі деңгейлі курстардан 1300 мұғалім өтті. Оның ішінде Кембридж бағдарламасы бойынша жаңа форматтағы робототехникасы, жаңартылған білім мазмұны бойынша курстар да бар.
Қаланың 1100 мұғалімі біліктілік курстардан өтіп, өз жұмыс тәжірибелерінде «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын белсенді түрде енгізуде.
Өткен жыл ішінде 1300 педагогикалық қызметкерлер қалалық, облыстық және республикалық кәсіби конкурстарына қатысты.
Өткен жылдың есебі бойынша «Үздік басшы», «Үздік мұғалім», «Үздік мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі», «Қосымша білім берудің үздік педагогі», «Үздік сынып жетекшісі» номинациялар бойынша анықталған жеңімпаздарына және қаланың үздік педагогтарына грамоталар табысталды.
Білім Министрлігінің, білім Басқармасының, білім бөлімінің грамоталары, қала әкімінің, қалалық мәслихаттың, Семей қаласы білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары табысталды.
Концерттік бағдарлама халықаралық, республикалық, облыстық лауреаттарының қатысуымен аяқталды.

Білім бөлімі