«Үздік педагог»
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
09-10-2017 10:55
«Үздік педагог»

2017 жылы 05 қазан күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Үздік педагог» Республикалық конкурсының қорытындысын шығарды. Республикалық конкурс қорытындысы бойынша Семей қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің география пәнінің мұғалімі «2017 жылдың үздік педагогы» атағының иегері атанды. Кенжебаева Жанна Оңғарбековна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2017 жылдың үздік педагогы» куәлігімен және 2 000 000 теңге ақшалай қаражат сертификатымен марапатталды.

 

Білім бөлімі